Алтын, күміс, платина бағасына АҚШ облигациялары әсер етті

Әлемдік нарықта мұнай қымбаттаса, бағалы металдар бағасы керсінше түсті.

Кейінгі саудада алтынның троя унциясы шамамен 4 мың 100 доллардан сатылды. Ал күміс шамамен 2 пайызға арзандап, бағасы 60 долларға бағаланды. Платинаның әр унциясы 1 мың 600 долларға дейін түсті. Бағалы металдар бағасының төмендеуіне АҚШ облигациялары кірісінің өсуі әсер етті. Бұл инвесторлардың алтын мен күміске қызығушылығын азайтып отыр. Сондай-ақ қазір жанармаймен жүретін көліктердің саудасы бәсеңдеді. Ал бұл платинаға сұраныстың төмендеуіне әкелді. 

АЛТЫН

троя унциясы

$4164

алдыңғы бағамен салыстырғанда +0,59%

КҮМІС

троя унциясы

$61,8

алдыңғы бағамен салыстырғанда +2,47%

ПЛАТИНА

троя унциясы

$1749

алдыңғы бағамен салыстырғанда +2,91

Дереккөз: tradingeconomics.com

Сондай-ақ оқыңыз: