Мексика билігі әлеуметтік желіге бақылауды күшейтті
Тиісті жарлыққа президент Клаудия Шейнбаум қол қойған.
Бұдан былай цифрлық қолданбалар зорлық-зомбылық, кибербуллинг, әлімжеттік және өзіне жарақат салуды насихаттайтын материалдарды жарияламауға міндеттелді. Кейінгі кездері Мексика мектептерінде әлеуметтік желіні теріс бағытта қолдану кеңінен белең алып кеткен еді. Корпорацияларға адам жасын анықтау және ата-ананың бақылау орнату жүйесін енгізуге 1 ай мерзім берілді. Осы бағытта Meta, Google, Apple және басқа компаниялармен келіссөз жүргізілген. Әзірге жарлық жаңа ережені сақтамағандарды жазалау нормасын қарастырмайды. Бірақ талап орындалмаса, жазалау шаралары заңмен бекітілмек.