Хуситтер Йемендегі президент сарайына соққы жасады

Хуситтер Йеменнің Аден қаласындағы президент сарайына бес баллистикалық зымыран атқан, деп хабарлайды 24KZ.

Бес адам қаза тауып, тағы 16 адам жараланды. Бұл туралы елдің ақпарат министрі Муаммар әл-Ирьяни мәлімдеді. Қаза тапқандар мен жараланғандар арасында сарай күзетшілері мен азаматтық қызметкерлер бар. Қарулы топ шабуылдауға негізгі себеп, бұл нысан әскери басқару орталығы болғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз: