Кубадағы банк АҚШ санкциясына ілікті
АҚШ Иранға қарсы санкцияларын күшейтті.
Бұл жолы қара тізімге Кубаның бір банкі, тағы 10 заңды және 16 жеке тұлға қосылды. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың мәлімдеуінше, Кубаның Банко интернасьонАль де комЕрсио ((Banco Internacional de Comercio)) банкі Иран банктеріне қаржылық қызмет көрсетті деген күдікпен санкцияға іліккен. Шектеулер Иран, Ирак және Гонконгта тіркелген компаниялар мен қаржы ұйымдарына да қатысты. Олардың қатарында Ирактың Интэнэшнл Дивэлопмэнт ((International Development Bank)) банкі де бар. Жаңа санкцияға іліккен 16 адамның барлығы Иран азаматы. Құжаттағы барлық тұлғалар мен ұйымдардың АҚШ аумағындағы активтері бұғатталады. Сондай-ақ олар бұдан былай АҚШ азаматтарымен және компанияларымен іскерлік қарым-қатынас жасай алмайды.