БҰҰ Йемен халқын қорғау шақырды

Біріккен Ұлттар Ұйымы Йемен халқын қорғауға, гуманитарлық көмекті кедергісіз жеткізуге жағдай жасауға шақырды. 

Қазір млнға жуық тұрғыны бар Таиз қаласында ахуал өте күрделі. Мамандардың мәлімдеуінше, шаһарда 13 мыңнан астам жүкті әйелге медициналық жәрдем ауадай қажет. Ел билігіне қарсы соғысып жатқан хуситтер қаланы қатаң бақылауда ұстап отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымы дағдарыс орталықтары мен уақытша паналау орындарының 70 пайызы жабылып қалғанын айтады. Сарапшылар халықаралық қауымдастықтың Йемендегі жағдайға тез арада араласып, мұқтаж халыққа дәрі-дәрмек, азық-түлік және басқа қажетті заттарды жеткізу үшін қауіпсіз дәліздер құруды талап етіп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз: