No comment: Испанияда тасқыннан 5 адам көз жұмды
Испанияның солтүстік-шығысы мен оңтүстігінде толассыз жаңбыр жауып, тасқынға ұласты. Су тұрғын үйлер, ауыл шаруашылығы алқаптары мен көлік жолдарын шайып жіберген. Табиғи апаттан 5 адам көз жұмды, деп хабарлайды 24KZ.