Марс серігіне жапон аппараты ұшырылады

Жапония Марстың Фобос атты серігіне зерттеу аппаратын ұшырмақ. Жоба аясында ғалымдар бұл аспан денесінен алғаш рет топырақ үлгісін алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды «24KZ».

Құрылғы 20 қазанда жапондық H3 зымыран-тасығышымен ғарышқа жіберіледі. Жоспар бойынша ол 2027 жылдың тамызында Фобосқа жетіп, үш жыл бойы зерттеу жүргізеді. Ал жиналған үлгілер Жерге 2031 жылы жеткізіледі. Мамандар алынған материалдар арқылы Фобостың шығу тегін және Күн жүйесінің қалыптасу тарихын зерттейді. Бұл мәліметтер болашақта Марсқа жасалатын экспедицияларды жоспарлауға да көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыз: