Йеменде зымыран соққысынан 58 адам қаза тапты

Йеменде хуситтердің әскери лагерьге жасаған зымыран соққысынан 58 адам қаза тапты. Тағы 200 адам жарақат алды. Reuters агенттігінің хабарлауынша, 14 әскери қызметші із-түзсіз жоғалғандар қатарында, деп хабарлайды 24KZ.

Шабуыл ішкі қауіпсіздік күштерін даярлау кезінде жасалған. Әскери лагерьге үш баллистикалық зымыран ұшырылған. Оқиғаға байланысты жергілікті ауруханалар күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді. Жергілікті ауруханалар шұғыл көмек көрсету режиміне көшті. Тұрғындар жараланғандарға көмек ретінде қан тапсыруға шақырылды. Хуситтер шабуылдың Сауд Арабиясымен байланысты күштерге жасалғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз: