Иран 122 кемені қара тізімге енгізді

Иран билігі Ормуз бұғазында теңіз қатынасы ережелерін бұзды деген айыппен 122 кемені қара тізімге қосты.

Бұл туралы ирандық басылымдар хабарлады. Мәліметке сәйкес, 40-тан астам танкерге қатысты шара қабылданған. Қазір 19 кеме билікпен келіссөз жүргізіп жатыр. Ал екі кеме Иран қойып отырған талаптарды орындауға келісіп, тізімнен шығарылды. Тағы 30-ға жуығына ескерту берілген. Иран билігі талапқа келіспегендер қара тізімге ілігеді деп мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз: