Жолаушы азайып, керосин қымбаттады: Еуропада билет бағасы өсуі мүмкін

Жолаушы аз, керосин қымбат, деп хабарлайды 24KZ.

Кәрі құрлықта келер жылдан бастап әуе билеттерінің бағасы 20%-ға дейін қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы ирландиялық Ryanair (Райан-э́йр) әуе компаниясының басшысы Майкл О’Лири мәлімдеді. Bloomberg деректеріне сүйенсек, ақпан айының соңынан бері Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан авиациялық отын қымбаттап, әуе компанияларының шығыны күрт артқан. Осы ретте Ryanair компаниясы шілдедегі есебінде қақтығыс табысқа кері әсер еткенін мәлімдеді. Қауіпке байланысты жолаушылар билет сатып алуды кейінге қалдыра бастаған.

Сондай-ақ оқыңыз: