АҚШ қызметкерлері Сауд Арабиясынан кетеді

АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті қызметкерлерінің біраз бөлігін отбасыларымен бірге Сауд Арабиясынан шығарады, деп хабарлайды 24KZ.

Мұндай шешім хуситтер тарапынан шабуылдың күшеюіне байланысты қауіпсіздік мақсатында қабылданған. Араб елінде тек төтенше жағдайда қызмет ететін мамандар ғана қалады. Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Томми Пиготттың хабарлауынша, эвакуацияға Саудияның инфрақұрылымы ғана емес, америкалық нысандардың да тікелей нысанаға алынуы себеп. Жуырда Риядтағы АҚШ елшілігінің ғимаратына дрон құлап, соның салдарынан өрт шыққан. Зардап шеккендер болмаса да, бұл дипломаттардың өміріне төнген тікелей қауіпті дәлелдеді.

Сондай-ақ оқыңыз: