Meta жаңа акциялар түрін шығарады
Meta дауыс беру құқығы жоқ жаңа акциялар түрін шығарады. Бұл компанияға негізін қалаушының бақылау үлесін азайтпай, жасанды интеллектіні дамытуға қаражат тартуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды 24KZ.
Технологиялық алпауыт өкілдері аталған қадамның нейрожелілер саласына салынатын инвестиция көлемін арттыру үшін де қажет екенін айтады. Сонымен қатар корпорация өз микросхемалары мен дата-орталықтарын құруға білек сыбана кіріскен. Осы бағытқа көп қаржы құйылып жатыр. Айта кетейік, Meta-ның тоқсандық табысы экономистердің болжамынан асып түсіп, 64 млрд долларға жетті. Кірістің еселеп артуына жаңа жасанды интеллект сервистерінің кеңінен таралуы мен жарнамадан түскен қаржы себеп.