Францияда келісілмеген шерулерге тыйым салынады

Францияда қоғамдық тыныштықты қорғау үшін келісілмеген шерулерге тыйым салынады. Тек ресми кәсіподақтар жауапкершілігіне алған наразылық шараларын өткізуге рұқсат етілмек, деп хабарлайды 24KZ.

Сонымен қатар билік ұйымдастырушылар жаңа бағыттар ұсынып жатыр. Бұл туралы президент Эмманюэль Макрон мәлімдеді. Өткен ереуілдер кезінде жаппай тәртіпсіздік болған еді. Содан кейін Франция үкіметі жаңа шаралар қабылдауға көшті. Альпі аймағында азаматтарға газ тұтқыш және шаңғыға арналған көзілдірік киюге тыйым салынды. Дүкендер осы демалыс күндері тағы да бүлік шыға ма деген қауіппен ғимараттарын қоршап, қауіпсіздік шараларын күшейтуге кіріскен. Билік қоғамдық тәртіпті сақтауға сарбаздарды тартуға мәжбүр болып жатыр.

Эмманюэль Макрон, Франция президенті:

– Бүкіл ел бойынша кәсіподақ ұйымдары наразылық шерулерінің бағыттарын бекітуге өтініш береді. Жергілікті басшылар бұл өтініштерді заңдарымызға сәйкес қарайды. Дегенмен қалаларымыздың орталығын, әсіресе дүкендер мен қоғамдық ғимараттарды қорғау үшін баламалы бағыттар ұсынылады. Ереже өте қарапайым және қисынды. Жалпы ұсыныс – жақын күндері ешқандай ереуіл өткізбеу. Кәсіподақ ұйымдарының жөні бөлек. Тыныштықты сақтау, шағын бизнесті және қоғамдық ғимараттарды қорғау үшін мүмкіндігінше мұндай акцияларға тыйым саламыз. Өткен сенбіде біз, бір жағынан, ұйымдасқан радикалды солшыл топтардың саяси, тіпті іріткі салу әрекеттеріне куә болдық.

Сондай-ақ оқыңыз: