Сеул Пхеньянға келіссөз бастауды ұсынды

Оңтүстік Корея шекара сызығын нақтылауға бейіл. Сондықтан Пхеньянға келіссөз бастау туралы ұсыныс жіберді, деп хабарлайды «24KZ».

Мұны Корея Республикасының Қорғаныс министрлігі хабарлады. Таяуда демилитаризация аймағында мина жарылып, оңтүстік кореялық 3 сарбаз жараланды. Сеул Пхеньянның бұл әрекеті «заңсыз» деп, кешірім сұрауын талап еткен. Алайда Солтүстік Корея билігі көршісінің мәлімдемесін жала жабуға теңеді. Десе де, Пхеньян шекарадағы ахуалға алаңдап отыр. Қажет болса, бұл аймаққа қосымша әскери күш шоғырландыруға әзір. Айта кетейік, Сеул билігі көршісін былтыр да келіссөз жүргізуге шақырған. Алайда Солтүстік Корея бұған келіспей қойған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз: