АҚШ стратегиялық мұнай қоры 1982 жылдан бері алғаш рет төмендеді

АҚШ-тың стратегиялық мұнай қоры кейінгі 44 жылдағы ең төменгі деңгейге түсті.

1982 жылдың қазан айынан бері алғаш рет қор көлемі 282 миллион 600 мың баррельге дейін азайған. Өткен аптада тағы 100 мың баррельге төмендеді. Қор 1975 жылы төтенше жағдайлар кезінде нарықты отынмен қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Иранға қарсы соғыс басталған соң наурыз айында Халықаралық энергетикалық агенттікке мүше елдер 400 миллион баррель қара алтынды нарыққа шығаруға келіскен еді. Мұның 170 миллион баррельден астамы АҚШ-қа тиесілі. Ал Құрама Штаттардың стратегиялық мұнай қорының жалпы сыйымдылығы - 714 миллион баррель.

Сондай-ақ оқыңыз: