Израильде парламент сайлауы аяқталды
«Экзитполдың» бастапқы мәліметі бойынша, елдегі ешбір саяси күш 50 пайыздан астам дауыс жинай алмаған. Үкімет жасақталу үшін кемінде 61 орын болуы керек.
Сауалнама нәтижесіне сәйкес, қазіргі премьер-министр Биньямин Нетаньяху басқаратын «Ликуд» партиясы Кнессеттегі 120 орынның 25-іне ғана ие болады. Бұл коалицияға кіретін партиялар бас-аяғы 50 орынды иеленеді. Азаматтардың сайлауға қатысу деңгейі 74 пайызға жеткен. Бұл – 1988 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.
Жалпы саяси науқанға 36 партиядан үміткерлер қатысқан.