Венесуэла АҚШ-тың 51-ші штатына айналуы мүмкін

Бұл туралы Ақ үй басшысы Дональд Трамп Техас штатында сайлаушылармен кездесуінде айтты. Ол Венесуэла мұнайы осы Техас аймағында өңделіп жатқанын мәлімдеген, деп хабарлайды 24KZ.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

– Венесуэлаға алғыс айтқым келеді, қазір біздің қарым-қатынасымыз өте тамаша деңгейге жетті. Осы елдің ең ірі мұнай компаниялары миллиардтаған доллар инвестиция құйып жатыр. Бұдан бір жыл бұрын ешкім мұны мүмкін емес деп ойлаған. Венесуэла жақында гүлденген елге айналады. Бәлкім, ол біздің 51-ші штатымыз болар. Бұл мүмкін нәрсе. Соны жүзеге асырайық. Сонда президенттің орнына біз губернатор сайлауын өткіземіз. Венесуэлада мұнай өте көп. Жақында жанармай мен дизель отынының бағасы төмендейді. Әне анау кішкентай кемеде Венесуэладан әкелінген 1 миллион баррель мұнай бар. «Қара алтын» америкалық салық төлеушілер үшін тегін беріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз: