Еуроодақ пен Канада ортақ альянс құрады

Канада мен Еуропалық Одақ арасында стратегиялық альянс құрылмақ, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл бастама жөнінде Канада Премьер-министрі Марк Карни мен Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен Монреальде өткен саммитте таныстырды. Енді Канада Еуропалық Одақтың алғашқы «бірлескен мүшесі» атануы мүмкін. Жаңа әріптестіктің басты мақсаты – сыртқы саясат пен қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастықты нығайту. Сонымен қатар тараптар сауда кедергілерін жоюды, цифрлық нарықты дамытуды және стратегиялық маңызы бар пайдалы қазбаларды өзара жеткізу көлемін арттыруды көздеп отыр. Технологиялық ынтымақтастыққа да ерекше назар аударылған. Атап айтқанда, Канада Еуропаның суперкомпьютерлер желісіне қосылады. Бұл Оттаваға Еуропалық Одақтың есептеу қуаттарын пайдаланып, жасанды интеллект модельдерін әзірлеуге және оқытуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыз: