Binancе криптобиржасының қызметі жандануы мүмкін

Binance криптовалюта биржасы жақын арада ақша айналымын қалпына келтірмек, деп хабарлайды 24KZ.

Компанияның хабарлауынша, қауіпсіздік тексерістері сәтті аяқталса, алдағы бір тәулік ішінде транзакциялар қайта жүзеге асуы мүмкін. Бұған дейін криптобиржаға хакерлер шабуыл жасап, платформаның жұмысы уақытша тоқтаған еді. Соның салдарынан пайдаланушылар қаражаттарын шығара алмады. Алдын ала есеп бойынша кибершабуыл кезінде 6 миллиард 300 миллион доллар көлеміндегі цифрлық актив ұрланған. Компания оның шамамен 3 миллиард долларын бұғаттап үлгерген. Ал қалған қаражат әзірге табылған жоқ.