Оңтүстік Корея ЖИ саласына $16 млрд доллар бөледі
Оңтүстік Корея жасанды интеллект саласына 16 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ел президенті Ли Чжэ Мён мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай қолдау экономиканың дамуына серпін береді.
Үкімет келесі жылы бюджет шығынын 12,8 пайызға арттырып, 820 триллион вонға жеткізуді көздеп отыр. Қаржының бір бөлігі озық технологияларды дамытуға жұмсалмақ.
ЖИ саласына инвестицияның артуы ел экспортының көлемін биыл 1 триллион долларға жеткізуі мүмкін. Бұған ақылды санаға арналған чиптерге сұраныстың артуы да әсер еткен. Нәтижесінде Samsung Electronics пен SK Hynix компанияларының табысы артқан.