Schaeffler 3,4 мың қызметкерін қысқартады

Германиялық автокөлік бөлшектерін өндіруші Schaeffler компаниясы Еуропадағы 3 жарым мыңға жуық қызметкерін жұмыстан шығарады. Бұған осы нарықтағы сұраныстың азаюы себеп, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл туралы бірлестік баспасөз хабарламасында жариялады. Қайта құрылымдау аясында қысқартылатын қызметкерлердің басым бөлігі Германияда жұмыс істейді. Шара шығындарды азайту мен ұйымдық құрылымды оңтайландыруға бағытталған. Осы арқылы Schaeffler 2030 жылға қарай жыл сайын шамамен 300 млн еуро үнемдеуді көздеп отыр. Айта кету керек, 2026 жылдың басынан бері компания акциялары 28,6%-ға құлдыраған.

Сондай-ақ оқыңыз: