АҚШ-та химиялық зауыт өртенді

АҚШ-тың Миссисипи штатындағы Гринвилл қаласында химиялық зауытта жарылыс болып, отқа оранды. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға жылыту қондырғысындағы гербицидтің тұтануы себеп болған.

Әзірге опат болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Өрт сөндірушілер әлі де жалынмен арпалысып жатыр. 

Төтенше оқиғаға байланысты Вашингтон округінің бірқатар ауданының тұрғындарына үйден шықпау, терезені ашпау, есікті жауып, желдеткіштерді қоспау жайы ескертілді. 

Сондай-ақ оқыңыз: