Хакерлер биржадан ақшаны қалай ұрлағаны анықталды

Хакерлер Binance криптобиржасынан 6,5 млрд долларды қалай ұрлағаны белгілі болды. Онлайн-қарақшылар бұл шабуылға бар болғаны 15 доллар жұмсаған, деп хабарлайды 24KZ.

Алдымен алаяқтар компания инженерімен жұмысқа алу бойынша жалған сұхбат ұйымдастырып, компьютеріне тыңшы бағдарлама орнатқан. Кейін сол арқылы биржаның ішкі операцияларын бақылап, әрекет етеді. Бірақ қауіпсіздік қызметі олқылықты тез байқап қойып, 3 млрд доллар аударымды бұғаттайды. Компания тұтынушыларына ұрланған активтердің 90 пайызын қайтарды. Алайда хакерлер жымқырған ақшаны әлі таба алмай жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз: