Бельгияда мигранттардың үйіне тінту жүргізіледі
Бельгия полициясына заңсыз мигранттардың тұрғылықты жерінде тінту жүргізуге және оларды ұстауға рұқсат берілді.
Тиісті заң жобасын ел парламенті мақұлдады. Депутаттар мұны ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету деп түсіндірді. Бұған дейін құқық қорғау органдары көші-қон заңнамасын бұзғандарды тек қоғамдық орындарда ғана ұстай алатын. Жаңа ережелер Бельгияда тұруға рұқсаты жоқ азаматтарға, сондай-ақ қоғамдық тәртіпке қауіп төндіретін тұлғаларға қатысты қолданылады. Тінту жүргізу үшін заң бұзушылықтың болғанын растайтын дәлелдер ұсынылуы тиіс.