Хуситтер қарымта соққы жасайтынын ескертті

Йеменнің оңтүстік-батысындағы базарға жасалған соққы салдарынан 20 адам қаза тауып, 15 тұрғын жараланды.

Шабуыл Таиз провинциясындағы әл-Уазия ауданында болған. Хуситтер оқиғаға Сауд Арабиясын айыптап отыр. Қозғалыстың әскери өкілі Яхья Сари жарылыс алдында F-15 жойғыш ұшағы корольдіктің оңтүстігіндегі әскери әуе базасынан ұшып шыққанын мәлімдеді. Енді хуситтер Эр-Риядқа қарымта соққы жасайтынын ескертті. Ал Сауд Арабиясы билігі әзірге мәлімдеме жасаған жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз: