Д.Трамп: АҚШ Иранға соққы жасауға дайын
АҚШ Иранмен ядролық келісім және Ормуз бұғазын ашу жөніндегі келіссөздер нәтиже бермесе, қайта соғыс ашады. Президент Дональд Трамп CNN телеарнасына берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді.
Оның айтуынша, АҚШ әскері кез келген уақытта шабуылға дайын. Ақ үй басшысы «Ислам Республикасы аумағындағы 38 көпірді бір сағат ішінде жойып жіберетін әлеуетіміз бар» деп ескертті. Ал инфрақұрылым жойылса, оны қалпына келтіруге шамамен он жыл қажет болады.
Айта кетейік, өткен аптада АҚШ Қарулы күштері Иранның Кешм аралына төрт рет соққы жасаған.