Д.Трамп: Иранмен қақтығыс аяқталуға жақын
АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс жақын арада аяқталуы мүмкін. Бұл туралы Ақ үй басшысы Дональд Трамп мәлімдеді. Алайда Вашингтон уақытша бітіммен шектелмей, ұзақ мерзімді келісімге қол жеткізуге ниетті.
Ақ үйде өткен баспасөз мәслихатында Трамп Иранның ешқашан ядролық қаруға ие болмауы керектігін атап өтті. Сондай-ақ АҚШ Таяу Шығыстағы одақтастарының қауіпсіздігіне кепілдік беруді көздейтінін жеткізді.
Айта кетейік, Вашингтон мен Тегеран арасындағы келіссөздерге Қатар мен Сауд Арабиясы араағайындық жасап отыр.