Германияда табиғи газ қоры азайды
Германияның табиғи газ қоры тарихта болмаған көрсеткішке дейін төмендеді.
Инес қауымдастығының мәліметінше, жерасты қоймаларындағы көгілдір отын көлемі 61 пайыз ғана қалған. Әдетте күз мезгілінде қоймалар 70 пайызға толып тұруы керек. Сондықтан сарапшылар алдағы қыста елде газ тапшылығы туындауы мүмкін дейді. Осы себепті билікті қазірден шара қабылдауға шақырып жатыр.