Израиль Иорданиямен арада 500 шақырымдық қорған тұрғызады

Израиль Иорданиямен арада үлкен қорған тұрғызады. Алғашқы 10 шақырымы салынған. Жалпы ұзақтығы 500 шақырым болмақ, деп хабарлайды «24KZ».

Израильдік Walla порталының хабарлауынша, қорған содырлар, заңсыз қару-жарақ пен есірткінің енуіне тосқауыл қою үшін салынып жатыр. Сонымен қатар қоршау бойына бейнебақылау, күзет мұнаралары және шекара бұзғандарды анықтайтын құрылғылар орнатылады. Израильдің Қорғаныс министрлігі шекара бойындағы аудандарды дамытуға, жаңадан 40 елді мекен салуға ниетті екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз: