Абу-Дабиде Ресей, АҚШ және Украина келіссөзі аяқталды
Абу-Дабиде Ресей, АҚШ және Украина өкілдерінің екі күнге созылған келіссөзі аяқталды, деп хабарлайды 24KZ.
Қол жеткізілген басты нәтиже – тұтқындарды алмасу туралы уағдаластық. Ал негізгі мәселелер бойынша әзірге айтарлықтай ілгерілеушілік жоқ. АҚШ өкілі Джаред Кушнер ең күрделі түйткіл жер аумағына қатысты мәселе екенін жеткізді. Сонымен қатар болашақ қауіпсіздік кепілдіктері мен қақтығыс аяқталғаннан кейін аумақтарды қалпына келтіру жайы да талқыланды. Америкалық делдалдар Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер Мәскеу және Киевпен байланысты жеке-жеке жалғастыруға ниетті екенін мәлімдеген. Reuters агенттігінің дерегінше 12 қарашада олар Владимир Путинмен, ал одан кейін Владимир Зеленскиймен кездесуді жоспарлап отыр.