АҚШ-та дизель арзандады

АҚШ-та екі айдан бері алғаш рет дизель арзандады. Бір галлон үшін баға 6 доллардан төмендеді, деп хабарлайды 24KZ.

Reuters сарапшылары мұны маусымдық сұраныстың азайып, Brent маркалы мұнайдың екі апта ішінде 18,5 пайызға арзандауымен байланыстырады. Қазір бензин бағасы да төмендеп жатыр. Бір галлонның орташа құны тамыздан бері 4 доллардан төмендеді. Алайда бұған дейінгі бағаның шарықтауы тасымалдаушылар мен шаруалардың шығындарына әлі де әсер етіп отыр. Осыған байланысты билік фермерлерге қолдау көрсету үшін отынның бірнеше түріне салықты уақытша алып тастап, 8 млрд доллар қаржы бөлді.

Сондай-ақ оқыңыз: