Таиландтың Пхукет аралында болған өрттен 11 адам опат болды
Тағы 16 адам жарақат алды. Өрт алты қабатты ғимараттан шыққан. Салдарынан 100-ден астам мотоцикл жанып кетті. Жалын тез арада көрші ғимараттарға тарады, деп хабарлайды 24KZ.
Құтқарушылар оқиға орнына бес минут ішінде жетіп, адамдарды эвакуациялады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында шетелдік туристер жоқ. Қазір оқиға орнында төтенше жағдай қызметтері жұмыс істеп жатыр. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.