Пәкістан АҚШ пен Иран арасында қайта араша түспек
Пәкістан АҚШ пен Иранды татуластырмақ. Бұл туралы елдің Сыртқы Істер министрі Исхак Дар мәлімдеді. Оның айтуынша, аймақтағы өзге мемлекеттер де дипломатиялық қадамға қол ұшын созуға әзір. «Бір елдегі қақтығыс өзге мемлекетке әсер етпей қоймайды», - дейді Пәкістанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы. Сауда тежеледі, шикізат тасылмайды, инвестициялық жобалар да кідіреді.
Айта кетейік, Исламабадта Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің Сыртқы Істер Министрлері жиналған. Олардың қатарында Иран өкілі Аббас Аракчи да бар. Қатысушылар Тегеран ұсынған екікүндік оқ атпау туралы жоспарды қолдап отыр.