10 мемлекет ЖИ саласында келісім жасады

10 мемлекет жасанды интеллектінің қауіпсіздігі саласында күш біріктіреді. Тараптар декларацияға Сан-Францискода қол қойды. Бұл құжат нейрожүйе үшін аса маңызды технологияларды қорғауды көздейді.

Шартқа АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Біріккен Араб Әмірліктері, Аустралия, Оңтүстік Корея, Сингапур, Израиль, Үндістан және Қатар қосылды. Бұлар цифрлық инфрақұрылымды күшейтіп, технологиялар алмасу жолдарын бақылауға алмақ. Арнаулы жұмыс тобы құрылады. Жаңа декларация америкалық Пакс Силакс бағдарламасының жалғасы іспетті. Бұл жоба жартылай өткізгіштер, сирек металлдар және шикізат көздерін тасымалдауды көздейді.  

Сондай-ақ оқыңыз: