Таяу Шығыстағы АҚШ кемесі кері қайтты

Таяу Шығыстағы АҚШ-тың ұшақ тасығыш кемесі кері қайтты. George Washington кемесі бұл аймаққа 3 ай бұрын келген, деп хабарлайды 24KZ.

Bloomberg басылымының дерегі бойынша Пентагон оны Жапониядағы тұрақты портына жіберді. Енді Иранды америкалық әскери кемелердің 2 тобы қоршап тұр. Теодор Рузвельт және Джордж Буш ұшақ тасығыш кемелерінен бөлек, Құрама Штаттар эскадралық миналы және зымыранмен жабдықталған ондаған су көлігін орналастырды. Сондай-ақ жылжымалы база мен дрондарын да алып келген.

Сондай-ақ оқыңыз: