АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігі хакерлік шабуылға ұшырады
АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігі кибершабуылға ұшырады. NBC News телеарнасының хабарлауы бойынша, хакерлер фермерлерді мемлекеттік қолдау жүйесін бұзған.
Басылымның мәліметінше, бұл жағдай министрліктің өзге де ақпараттық жүйелеріне қауіп төндіруі мүмкін. Азық-түлік қауіпсіздігі мен жануарлардан жұғатын ауруларға қатысты зерттеу деректері қолды болуы ықтимал. Қазір алаяқтар іздестіріліп жатыр.