Batman фильміндегі көлік аукционда сатылады

1992 жылы түсірілген Тим Бертонның Batman фильміндегі көлік аукционға шығарылады, деп хабарлайды 24KZ.

30 жылдан астам уақыт боялмаған, қозғалтқышы ауыспаған Бэтмобильдің алғашқы құны 5-7 млн долларға бағаланып отыр. Ұзындығы 6 метрге жуық қара түсті автокөлік фильмдегі негізгі сахналарда қолданылған. Сарапшылар: «Бэтмобиль аукционда сатылған ең қымбат кино көлігі атануы мүмкін», - деп отыр. Бұған дейін 2013 жылы телехикаяда пайдаланылған көлік 4,6 млн долларға сатылған. Айта кетейік, көлік қоғамдық жолдарда жүруге жарамсыз. Ал оны көрмеге қою үшін арнайы рұқсат қажет.

Сондай-ақ оқыңыз: