Boeing Қытаймен $7,4 млрд келісім жасайды

Ақ үй басшысының Қытайға сапары соншалықты нәтижесіз де емес. Boeing компаниясы Қытайдан кейінгі тоғыз жылда ең ірі тапсырыс қабылдады, деп хабарлайды 24KZ.

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, америкалық корпорация Xiamen Airlines әуе компаниясына 50 дана Boeing 737 MAX ұшағын жеткізеді. Келісім құны 7 млрд 400 млн доллар. Ұшақтар 2031-2034 жылдар аралығында кезең-кезеңімен жеткізіледі. Алайда келісім әлі толық күшіне енген жоқ. Мұны Қытайдың реттеуші органдары мен акционерлер мақұлдауы керек.

Сондай-ақ оқыңыз: