Италияда аң аулау тәртібі жеңілдеуі мүмкін

Тиісті заң жобасы Парламентте қаралып жатыр. Кейінгі жылдары бұл елде қабандар көбейе бастаған. Бұдан шаруалар зардап шегіп отыр, деп хабарлайды 24KZ.

Италия экология агенттігінің дерегі бойынша, 2021 жылы қабандардың саны 1 жарым млн-ға жеткен еді. Ал ауыл шаруашылығына келетін шығын жылына 17 млн еуродан асады. Әйтсе де, бұл бастамаға табиғат жанашырлары үзілді-кесілді қарсы. Аң аулау тәртібінің өзгеруі жануарлардың қырылуына әкеледі. Бұл ЕуроОдақтың табиғатты қорғау талабына қайшы екенін айтады.

Сондай-ақ оқыңыз: