Таиланд «Экспо-2017» көрмесіне қатысатынын растады

Таиланд «Экспо-2017» көрмесіне қатысатынын растады
фото: www.voxpopuli.kz

Таиланд «Экспо-2017» көрмесіне қатысатынын растады.

Р. Жошыбаев халықаралық қатысушыларды тарту бойынша атқарылып жатқан жұмыс пен «Экспо-2017» көрмесіне дайындық барысы туралы хабарлады. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдейді. Таиланд 2021 жылға дейін жаңартылатын және балама энергия көздерінің жалпы тұтынудағы үлесін 25%-ға дейін ұлғайтуды көздейді. Сонымен қатар, тараптар Қазақстан мен Таиланд арасында дипломатиялық қатынастар орнауының 25 жылдығында ЕХРО алаңы жоғары деңгейдегі екіжақты байланыстар мен қатынастарға қосымша серпін беретініне сенім артты. Осы тұрғыда, Таиланд королі Таиланд Ұлттық күнін өткізу шеңберінде Астанаға сапарын ұйымдастыру мүмкін екенін айтты.