369.54 425.20 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жалғыз басты әйел ұлына әкесін жоқтатпау үшін мектепке ер адамша киініп келді

  • 618
Жалғыз басты әйел ұлына әкесін жоқтатпау үшін мектепке ер адамша киініп келді https://www.facebook.com/photo.php?fbid=1233150623402766&set=pcb.1233151170069378&type=3&theater

АҚШ мектептерінде оқушылар мен олардың әкелеріне арналған «оқушылар мен әкелерінің кездесуі» атты арнайы шара өткізіледі. Техас штатында тұратын Ивет Васкез атты әйел бұл туралы бастапқыда білмеген сыңайлы. Бірінші қыркүйекте ұлы Элайджа оқитын мектепке көлікпен келген ол, мектеп ауласынан тек ер адамдарды көрді. Артынша жағдайды сұрастырып білген Иветтің ойына тосын идея келді. Ол сол сәтте үйіне дереу оралып, ер адамдарша киініп, мұрт жабыстырып, қайтып келді.

Артынша Васкез жаңа имиджінде суретке түсіп, оны ғаламторда таратқан. Сол-ақ екен оны желідегі жалғыз басты әйелдер қауымы қолдап, баланы жалғыз тәрбиелеудің қаншалықты қиын екендігімен бөліскен, деп хабарлайды BuzzFeed.

Ал Васкездің өзі болса, мектепте «оқушылар мен әкелердің кездесуінен» бөлек «толық емес отбасыларға» арналған шаралардың өткізілуі керек екендігін басып айтты.

Дайындаған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы