Транспорт және логистика. Астананың көліктік жүйесі

Күн өткен сайын көркейіп жатқан Астанада бүгінде халық саны артып келеді. Сәйкесінше қарқынды өсіп жатқан қаламен қоғамдық көліктің қызметі де дамуда. Бүгінгі таңда бас қалада тұрғындардың игілігі үшін 340 мыңдай автокөлік қызмет етеді. Оған қоса күн сайын түрлі бағыттарға 800-дей қоғамдық автобус шығады.  Аз уақыт ішінде мұндағы транспорттық жүйе алға ілгеріледі. Жыл сайын қозғалыстың жылдамдығын, кептелістің аздығын, жолаушылардың қауіпсіздігін реттейтін жаңа инновациялық жобалар енгізілуде. Толығырақ осы шығарылымда.