Келіссөз. Армия ойындарының нәтижесі

polit.ru

ҚР Қарулы Күштері Орта Азия елдері арасында әскери потенциалы жағынан күшті мемлекетке айналып отыр. Олай дейтініміз Қазақстан әлемнің 126 елі арасында өткен әскери қуаттылық бойынша жаһандық рейтингте 66-орынға жайғасты. Орта Азия мемлекеттері арасынан бірнеше саты алға шығуымыздың басты себебі әскери дайындықтың мықтылығының көрінісі деп отыр мамандар. Әскери қуаттылығы бойынша тек Ресейге жол беретін ҚР Қарулы Күштері мен әскерилердің бүгінгі қарқыны қандай? Бағдарлама қонақтары 36 814 әскери бөлімінің бөлім басшысы Абай Абдуллаев және ҚР Қарулы Күштері Бас штабының Жауынгерлік даярлық департаментінің басқарма басшысы Марат Әбдіхалықовпен осы тақырыпты талқыға саламыз.