Келіссөз. Қазақ тілі – баршаға ортақ тіл

Әр қазақ Тәуелсіздік тұғырының мықтылығы қазақ тілінде екенін ұғынуы керек. Бүгінде мемлекет тарапынан оны үйренемін деушілерге барынша жағдай жасалып отыр. Тіпті арнайы тегін курстар да бар. Соған қарамастан ел арасында қазақ тілінің қолданысы шектеліп отыр дейтіндер де табылады. Бүгінгі шығарылымда бағдарлама қонақтарымен мәселенің мән-жайын анықтап, осы тақырыпты талқыға саламыз.