386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БАҚ: Бразилияда түрмедегі бүлік кезінде кем дегенде 50 адам көз жұмды

  • 504
  • UPD: 20:38, 02.01.2017
БАҚ: Бразилияда түрмедегі бүлік кезінде кем дегенде 50 адам көз жұмды фото: Вести.Ru

Бразилияның Манаус қаласында түрмедегі бүлік кезінде кем дегенде 50 адам ажал құшты.

Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлайды.

Амазонас штаты қауіпсіздік қызметінің өкілі Серхио Фонтестің хабарлауынша, көз жұмғандар саны тағы артуы мүмкін.

Түрмедегі көтеріліс бір-біріне қарсылас екі топ арасында туындаған төбелестен басталған.

Хабар 24 телеарнасы