376,17 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл мәскеуліктер Жаңа жылды ай бойы тойлайды

  • 754
  • UPD: 07:48, 03.01.2017

Ел астанасындағы мерекелік шаралар жалғаса бермек.

Қала көшелеріне 150 алып шырша орнатылған. 40-тан астам арнайы алаңда ашық аспан астындағы түрлі бағдарламалар күнбе-күн ұйымдастырылады.    

Мәскеудің орталық көшелеріндегі мерекелік көңіл-күй ерекше. Арнайы әзірленген тәтті тағамдардың иісі аңқып тұр. Тамақтың түр-түрі мерекелік ас мәзірінен табылады. Оның үстіне, мұндағы концерттік бағдарламалар да сан алуан. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін қажеттінің бәрі бар.

Қала көшелерінде бой көтерген мұз алаңдары да жеткілікті. Тіпті балғындар үшін тегін әткеншектер ашылған.

Мерекелік алаңдар күн-түні қызмет көрсетеді. Франция, Италия сынды елдерден әкелінген арнайы жарықшамдар бір сәтке де сөндірілмейді.

Айта кетейік, былтырғы Жаңа жыл мерекесінде өткен фестиваль әлі ұмтылған жоқ. Себебі, оны 15 млн адам тамашалап, кәрі құрлық бойынша ең ауқымды деп танылған. Биыл да ұйымдастырушылар осынша көлемде қонақ күтуге дайын.

Авторлары: Рауан Мыңбаев, Дана Нұржан, Тимур Алтынбаев

Хабар 24 телеарнасы