383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Вьетнамда ер адамның қарнында 18 жыл қайшы жүрген

  • 570
  • UPD: 17:55, 03.01.2017

Вьетнамның Тхайн-гуен провинциясында қызықты жәйт.

Дәрігерлер 54 жастағы тұрғынның ішінен 18 жыл бұрын қалып қойған хирургиялық қайшыны операция кезінде алып шықты. Науқастың асқазанындағы бөгде зат кездейсоқ табылған. Ер адам аяқ астынан жол апатына ұшырап, ауруханаға түседі. Жапа шегуші рентгеннен өткенде ішінде қайшы бары анықталған. Науқастың айтуынша, ол 1998 жылы тағы бір жол апатына ұшырап, операция жасалған. Бірақ іші соңғы кезде ғана бүріп ауырыпты. Ал кінәлі ақ халаттылардың табылмайтын түрі бар. Өйткені Вьетнамда емделушінің қағаздары 15 жыл ғана сақталады екен. 

Хабар 24 телеарнасы