384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркия әскері 18 лаңкестің көзін жойды

  • 547
  • UPD: 09:00, 04.01.2017

Түркия әскері Сирияның солтүстігінде 18 содырдың көзін жойды.

Олардың барлығы «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» жендеттері. Тағы 37 радикал жарақат алды. Шабуылдар Әл-Баб қаласының маңында жасалған.

Айта кетейік, Түркияның қарулы күштері 24 тамыздан бастап «Сириялық азат әскермен» бірігіп «Евфрат қалқаны» операциясын жүргізіп келеді. Оның мақсаты – Сириядағы шекара аумағын лаңкестерден тазартып, босқындар үшін қауіпсіз аймақ жасау.

Хабар 24 телеарнасы