384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украиналықтар ыстық суды үнемдеуге көшті

  • 478
  • UPD: 10:56, 04.01.2017

Украина тұрғындары пәтерлеріне жаппай есептегіш құралдарын орнатып жатыр.

4 адамнан тұратын отбасы ыстық су үшін орта есеппен айына 50 доллар төлейді. Жазда тариф құны екі есе өскен болатын. Ал қыс келіп, ыстық судың тұтынуы күрт артқан соң, украиналықтар қымбатшылықты сезіне бастады.

Украинада бір текше метр судың бағасы 3 доллардан асып түседі. Жалпы орташа есеппен адам басына айына 3 текше метр су жұмсалады. Бірақ, Украинадағы су жеткізу компаниялары көпқабатты тұрғын үйдің әр тұрғынына тағы екі текше метр суды қосып жазып, артық 6 доллардан алып отыр. Бұның ақыры тұрғындардың су үшін мемлекет ұсынған нормативтер бойынша ақша төлеуден бас тартуына әкеп соқты. Тұрғындар жаппай есептегіш құрал орнатып жатыр. Сол тәсілмен ғана қоспасыз жұмсаған суы үшін ақы бергісі келеді. Қазір Киев халқының 80%-ы ақшаны сол құралдың көмегімен төлеп отыр.

Константин Лопатин, коммуналдық сервис орталығы бас директорының орынбасары:

- Коммуналдық қызметті өлшеп, салмақтауға болатын кезде ол үшін төленетін ақша жайында адам баласы көп күмәндана бермейді. Ал есептегіш құрал болмаса, сәйкесінше, тұтынушы, мысалы, суды үнемдемес еді. Яғни, мұндай жағдайда кез келген тұтынушы кранды жаппастан, суды ағызып кете береді. Себебі есептегіш құрал болмаса, ол бәрібір бір бағаны төлейді.

Ал үйіне электр бойлерін орнатқан тұрғындар ыстық суға жұмсалатын ақшаның 40%-ын үнемдеп отыр. Жарыққа төленетін тарифтердің өскеніне қарамастан, бұл қызметі украиналықтардың қалтасы әлі де көтеретін тәрізді.

Сергей Ковтун, Киев тұрғыны:

- Біз суды ысыту үшін айына шамамен 100-150 киловатт/сағат жұмсаймыз. Ақшаға шаққанда бұл 150 гривенге пара-пар қаржы. Ал егер осынша мөлшерде «Киевэнергоның» суын пайдалансақ, айына 400-450 гривен төлер едік. Яғни, қазір біз үш есе үнем көріп отырмыз деген сөз.

Украинада ыстық суды жаз мезгілінде тегін алатын тұрғындар бар. Олар – күн энергиясымен жұмыс істейтін гелиожүйесін орнатып алған үйлер. Әсіресе салқын суды тегін беретін ұңғымасы бар жеке үйлер үшін бұл таптырмайтын шешім. Ал көпқабатты үйдегі тұтынушылар үшін мұндай жолмен жеткен ыстық су мен суық судың әрбір текшесі сәйкесінше 50 центтен тұрады.

Андрей Склянко, гелиожүйелер сату жөнінен менеджер:

- Бұл гелиожүйенің өзіндік атқаратын міндеті бар. Жаз уақытында және маусымаралық кезеңде ыстық су берсе, қыста суды алдын ала қыздыру үшін орнатылған. Сол кезде үйді жылыту бағасы 3-5 есеге дейін төмендеуі мүмкін.

Су бағасының қымбаттағаны тек экологтарды қуантқаны қызық болды. Олардың айтуынша, енді халық тіршілік нәрін бұрынғыдан да үнемдейтін болады.

Авторлары: Анна Панащук, Михаил Мищенко

Хабар 24 телеарнасы