384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Берлиндегі шабуыл: полицейлер 2 күдіктінің үйінде тінту жүргізді

  • 565
  • UPD: 16:36, 04.01.2017

Неміс полицейлері Берлиндегі лаңкестік әрекетке қатысты тергеу аясында 2 күдіктінің үйінде тінту жүргізді.

Алдын ала мәлімет бойынша, олар қанды қырғын ұйымдастырған қаскөйдің сыбайластары болуы мүмкін. Тәртіп сақшыларының топшылауынша, бұл азаматтар дайындалып жатқан шабуыл жайлы білген. Олардың біреуі тіпті лаңкестік әрекетті ұйымдастыруға көмек көрсетті деген күдік бар.

Естеріңізге сала кетсек, 19 желтоқсанда Тунистен келген Анис Амри есімді ер адам Берлиндегі рождестволық жәрмеңкеге келген жұртты жүк көлігімен қаққан болатын. Салдарынан 12 адам ажал құшып, тағы 48-і жараланған. Қаскүнем оқиға орнынан ізін суытып үлгерген. Араға бірнеше күн салып ол Италияда полицейлермен атыс кезінде көз жұмды. Ал шабуыл үшін жауапкершілікті «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» өз мойнына алды.

Хабар 24 телеарнасы